Мәдениет • Кеше

Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар қатары артқан

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жартыжылдықта Kazneb.kz платформасының дамуы жаңа деңгейге көтеріліп, пайдаланушылар саны 44, 4 пайызға артқан, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар қатары артқан

Фото: istockphoto.com

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше,  платформадағы контент қаралымының саны 4 076 629-ға жетіп, 30% өскен. Қашықтықтан 746 056 оқырман пайдаланған. 

Сондай-ақ авторлардың рұқсатымен құжаттар 1 миллион 600 мыңнан астам рет жүктелген.

Жыл басынан бері электронды база 2 758 құжатпен толығып, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 6% көбейген. Бүгінге дейін 114 842 бет сканерленіп, 362 049 бет редакцияланған.

Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорында 81 357 құжат сақталған. Оқырмандар 64 тілдегі құжаттармен еркін таныса алады.

Айта кетейік, ҚазҰЭК – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапханалық портал.

Кез келген пайдаланушы интернет желісі арқылы Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана порталына тіркелмей-ақ, еркін, авторизациясыз толық мәтінді құжаттармен таныса алады. ҚазҰЭК әлемнің 110 елінен пайдаланушылардың сенім артып, тұрақты қолданатын порталына айналған. Порталды пайдаланушы негізгі елдер қатарында Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Өзбекстан, Нидерланды, Франция, Түркия, Қытай, Ұлыбритания және т.б. бар.

Порталдың көзі нашар көретін жандар үшін жасалған нұсқасы да жұмыс істеп тұр. 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше