Қоғам • 30 Шілде, 2025

Әрбір төртінші қазақстандық ЛГБТ насихатын қауіпті деп санайды – «Стратегия» қоғамдық қоры

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Стратегия» қоғамдық қоры Қазақстандағы отбасылардың ЛГБТ қауымдастығына деген көзқарасына зерттеу жүргізді. 2,5 мың респондент қатысқан сауалнамада әр оныншы азаматтың жетеуі ЛГБТ-ны ел таным-түсінігіне жат екенін айтқан, деп жазады Egemen.kz.

Әрбір төртінші қазақстандық ЛГБТ насихатын қауіпті деп санайды – «Стратегия» қоғамдық қоры

Фото: aqtobegazeti.kz

Зерттеу жаһандық коммуникация құралдары арқылы қоғамымызға жат идеялық құрылымдардың, бейнелер мен нышандардың белсенді түрде байқалып жатқанына қарамастан, қоғам әлі де дәстүрлі отбасы үрдістерін ұстанатынын айғақтады. Осылайша, респонденттердің 77,2%-ы әйелдер мен ерлер арасындағы қарым-қатынас дәстүрлі қоғамның моральдық негіздеріне қайшы келмеуі керек деген пікірді алға тартқан.
10 респонденттің 7-і ЛГБТ насихатының өскелең ұрпаққа қауіпті деп таныған. Сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші адам жат көзқарас қауіптілігінің жоғары деңгейде екеніне назар аударған.
«Стратегия» қоғамдық қорының өкілі О.Симакова ЛГБТ-ға тыйым салу туралы бастамалардың қоғам тарапынан қолдау тауып отырғаны, халықтың қауіптің алдын алуға қаншалықты мүдделі екенін аңғартатынын атап өтті.