Экология • Кеше

«Теңізшевройл» компаниясына 639,6 млн теңге айыппұл салынды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаның ластануына қатысты экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Теңізшевройл» компаниясына 639,6 млн теңге айыппұл салынды

фото: mail.kz

Атырау облысының прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, «Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылдың 3 және 4 тоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың 1 және 2 тоқсанында атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормалардан тыс 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған.

«Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды. Осыған байланысты прокурордың қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотпен 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім заңды күшіне енді. Аймақта атмосфералық ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі. Прокуратура бұл бағыттағы қадағалау жұмысын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді», деп хабарлады облыстық прокуратурадан.