Қоғам • Кеше

Мектеп тақтасы неге жасыл түсті?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектеп өмірінің ажырамас бөлігі – тақта. Мұғалім мен оқушы алма-кезек пайдаланатын, білімге жол ашатын «қақпаның» неліктен жасыл түсті болатынын ойланып көрдіңіз бе, деп жазады Egemen.kz.

Мектеп тақтасы неге жасыл түсті?

Фото: Freepik

Көпшілігімізге мектеп тақтасы қара не қызғылт-қоңыр түсті болу керек секілді сезіледі. Себебі ХХ ғасырдың басында мектеп тақталары үшін осы түстер таңдалған болатын. Ағаштан жасалған мектеп бұйымы қара лакпен боялатын.

Десе де 1960 жылдардан бері әлем елдеріндегі білім ошақтарында жасыл түсті тақталар қолданысқа еніп жатты. Бұл қадам ғылым мен педагогика саласының қара түстің оқушы денсаулығына зияны бар екенімен байланысты еді.

Жанға жайлы - жасыл түс

Зерттеулерге сүйенсек, адам көзіне, жанына ең жайлы түс - жасыл. Бұл түс көзді талдырмайды, ұзақ уақыт қараса да зейіннің шашырауына жол бермейді. Сондай-ақ қара тақтаға қарағанда жасыл тақтамен ақ түсті бор үйлесімі де үздік. Қара мен ақтың контарсты көзді шаршатса, жасыл түс керісінше көзге күш түсірмейді. Тақтаға түс таңдаудағы жасыл түс эстетика немес сұлулық қана емес адамның эмоциясына оң әсер ету. Сондай-ақ оқушының ақпаратты жеңіл қабылдауына да әсер етеді.

Технология қарыштаған тұста мектеп тақталарының материалдары да өзгерді. Қазір тақталар бұрынғыдай ағаш пен лактан емес, арнайы керамикадан, болат негізді эмальдан жасалып жүр. Бұл материалдар бордың жақсы көрінуіне және оңай өшуіне ықпал етеді. Жасыл түсті тақтаның заманауи визуалды стандарттарға сай екенін де атап өткен жөн.