Оқиға • Кеше

Оралда интернет-алаяқ ұсталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдікті  тұрғындарды «кепілсіз несие рәсімдеймін» деп алдап, 1,5 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда интернет-алаяқ ұсталды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Орал қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.Тергеу барысында күдікті Instagram әлеуметтік желісінде кепілсіз несие рәсімдеу туралы жалған жарнама жариялап, азаматтарды WhatsApp мессенджеріндегі сілтеме арқылы өтіп, микрокредиттік ұйымдардан онлайн несие алуға көндіріп отырған. Несие рәсімдеу кезінде ол қаражатты өзіне және таныстарының банк шоттарына аударуды сұраған. Жәбірленушілерге верификациядан өту үшін арнайы сілтемелер жіберген.

Несие мақұлданғаннан кейін ақша көрсетілген есепшоттарға, кейін күдіктінің атына тіркелген шотқа аударылып, қаладағы түрлі банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдіктінің үйін тінту барысында 27 телефон, төрт SIM-карта және төрт банк картасы тәркіленіпті. Полиция қазіргі таңда төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Келтірілген жалпы шығын көлемі — 1,5 млн теңгеден астам. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, тергеу жүріп жатыр.

Батыс Қазақстан облысы