Заң • Бүгін, 11:15

Баланың мәйітін жарты жыл сөмкеде сақтаған қамқоршыға үкім шықты

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жантүршігерлік оқиға Орал қаласында болған. Вероника Наумова полицияға отбасындағы алтыншы баласы бес жасар Далер Бобиевтің жоғалып кеткені туралы арызданған. Ол полицияға баланың өз бетімен үйден шығып кетіп, оралмағанын айтқан, деп жазады Egemen.kz.

Баланың мәйітін жарты жыл сөмкеде сақтаған қамқоршыға үкім шықты

Фото: Gazeta.Ru

Полиция бірнеше күн іздеп, баланың мәйітін отбасына тиесілі сарайдағы сөмкеден тапқан. Gazeta.Ru мәліметінше, жалпы оқиға 2023 жылдың маусымында басталған.

Тергеу барысында айыпталушы баланың жуыну бөлмесіндегі ыдыстағы суға батып кеткенін айтып ақталмақ болған. 

«Вероника Наумова Далер Бобиевтің жоғалып кеткеніне қатысты түрлі нұсқа айта бастады. Оның сөздері бірімен бірі қабыспай жатты. Оның соңғы күндері не істегенін нақты айтып бере алмаған. Содан кейін бала өлімі мұқият тексерілді», деп түсіндірді тергеуші Сергей Кибардин.

Тергеу кезінде  Вероника Наумова баланы өзі ұрып-соғып, суға батырған. Ол 5 жасар баланы тамақты рұқсатсыз алғаны үшін жазаламақ болған. Күдіктінің баланы аш қалдырып, бұған дейін де соққыға жығып келгені анықталған. 

Ал бұл оқиғадан қамқоршының күйеуі хабардар болып шыққан. 

Айыпталушы енді ғана  24 жылға сотталған. Күйеуі де бес жылға бас бостандығынан және сержант шенінен айырылған. 

Қылмысқа қатысы бар Наумованың жиені  бес жылға, қорғаншылықта жұмыс істеген әйел екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ Далер барған балабақшаның бұрынғы меңгерушісі де салғырттығы үшін бір жыл 10 айға қамалған.