
Бұл жүйенің атауы – «WhoFi». Адам бөлмеде жүрген кезде оның денесі «Wi-Fі» толқынын бөгеп, өзгертеді. Бұл – әр адамда әртүрлі болады, яғни әркімнің «Wi-Fi ізі» ерекше. Ғалымдар осы сигналдың өзгерісін өлшеп, арнайы жасанды интеллект арқылы кім екенін анықтайтын әдіс ойлап тапқан. Сынақ кезінде бұл жүйе адамды 95,5% дәлдікпен таныған. Енді болашақта бұл технологияны қауіпсіздік жүйелерінде, ақылды үйлерде, ауруханаларда қолдануға болады.