Қоғам • Бүгін, 12:42

Қосшы қаласының кәсіпкерлері алкоголь сатудан бас тартты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласының кәсіпкерлері өз еркімен алкогольді сатудан бас тартты. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қосшы қаласының кәсіпкерлері алкоголь сатудан бас тартты

Фото:depositphotos.com

Бұл бастама Ақмола облысының прокуратурасының хабарлауынша, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп, Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы шағын бизнес өкілдері азаматтық ұстанымының оң үлгісін көрсетіп, бірқатар дүкендер мен сауда нүктелері алкогольдік өнімдерді сатудан бас тартқан.

Кәсіпкерлердің бұл бастамасын прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар қолдады. Қала прокуратурасы дүкен иелеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстап, мұндай шешімнің қоғамдық қауіпсіздік үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.