
Тәуелділікке ұшыраған жандарға медициналық және әлеуметтік көмек ерікті түрде де, сот шешімімен мәжбүрлі түрде де көрсетіледі.
2025 жылдың алғашқы алты айында психобелсенді заттарды тұтынатын және өзге де тәуелділік түрлеріне шалдыққан 108 426 адам есепте тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәл төмендеген – былтыр 108 841 адам болған.
Сонымен қатар биыл консультативтік бақылау жүйесі енгізілді. Жыл басынан бері психобелсенді заттарды қолданатын 2 461 адам мен құмар ойынға тәуелді 19 азамат осы санатқа тіркелген.