Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Жұмбақ Ницше

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ницше еуропалық еркін ойға есік ашты. «Асқан адамы» жаңа ұрпақтың көзқарасына едәуір ықпал етті.

Жұмбақ Ницше

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Алайда Ницшенің ізгі мұраты мүлде бөлек еді. Ол католиктік шіркеудің қасаң ілімімен, жалған «пұттардың» ұранымен «ауырған», саңырауқұлақтай қаптаған теориялардың шырмауында қалған Еуропа санасына еркіндік сыйлағысы келді. Үгітшілдердің сөзіне көмілген халықты өзгелерге емес, өзіне сенуге үндеді. «Заратустра былай деген» атты інжіл сарындас еңбегінде құнды ойларын шығыс пайғамбарының тілімен сөйлетті. «Заратустра жалғыз қалған сәтінде өз жүрегіне: «Мүмкін емес! Бұл әулие қарт өз орманында жүріп әлі күнге дейін Құдайдың қайтыс болғанын естімеген бе?!» деп үңіле берді...»

Заратустраның «Құдай өлді» пікірі Батыс пен Шығыс ойшылдарына сан түрлі әсер етіп, әр алуан пікір өрбігені рас. Әсіредіншілдер мұны имансыздыққа баласа, кейбір идео­логтер өз мүддесіне пайдаланды. Меніңше, Ницше Еуропада жалған «құдайлардың» өлгенін, адамзат баласы енді азат ойымен аспанды шарлайтынын жазды. Жалғандыққа қамалған сана барда, прогреске орын жоқ. Тіпті Вольтердің, Руссо мен Гегельдің де арманы жалған «құдайларды» өлтіріп, жаңа ақыл-ой сатысына жол ашу еді. Сондықтан да Вольтер «Өз беттеріңмен ойлануға құлшыныңдар!» деп дабыл қаққан-тын.

Ницше атақты кітабында адамдар арасындағы еленбейтін, бірақ тағдырға әсер етер ұсақ әрекет пен дағдылар туралы жазды. Жалғыздық пен «базар адамдары», кішілік пен кісілік, күлкі мен жалған мұң туралы поэтикалық тілмен сыр тартты. «Мен сендерге жақыннан қашып, алысты жақсы көруге кеңес беремін. Өйткені адам өзін мақтағысы келгенде куәгерлерді шақырады. Ал жақындарыңа сен тек жақсы жағыңнан көрінгендіктен олар сен жайлы жақсы ойда болса, өзің туралы өзің де тек жақсы пікірде қалып, өзгеріс пен даму үдерісі баяуламақ». Тағы бірде: «Әлемдегі ең керемет құндылықтар оларды насихаттамаса ештеңеге де тұрмайды. Бұл насихаттаушыларды халық «Ұлы адамдар» деп атайды» дейді. Философ оқырмандарын оңашалыққа, жалғыздыққа үндеді. «Кім жалғыздығын сүймесе, еркіндікті де сүймейтінін» баян етті. «Жалғыздық біткен жерден базар басталады. Ал базар басталған жерден ұлы комедианттар шуы, улы шыбындардың ызыңы басталады. Өз жалғыздығыңа қаш! Сенің улы шыбындарға таланғаныңды көріп тұрмын. Дымқыл жел, таза ауасы бар жаққа қарай қаш! Жалғыздығыңа қаш!»

Ницше – жұмбақ адам. Өмірі­нің соңындағы шиеленістері философ туралы аңыздарды одан әрі еселей түсті. Ал бағасыз кітаптары уақыт шекарасын мұзжарғыш секілді бұзып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше