Ғылым • Кеше

Қазақстандық ғалымдар жаңа инновациялық қондырғы ойлап тапты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  ғалымдары әзірлеген фермерлік өнімдерді өңдеуге арналған «Dayar 20» мобильді лиофилизациялық қондырғысы ауылшаруашылығы өнімдерін табиғи қалпында, сапасын жоғалтпай, ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық ғалымдар жаңа инновациялық қондырғы ойлап тапты

Қондырғы егіс даласында, бау-бақша, фермаларда қолдануға, өнімді өңдеуге қолайлы.

Табиғи қосылыстар мен полимерлердің органикалық заттар химиясы және технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, дәрілік заттардың органикалық синтезі және химиясы зертханасының меңгерушісі, PhD Ербол Ихсановтың айтуынша, лиофилизация немесе сублимациялық кептіру –  мұздатылған өнімнен суды төмен қысымда буландырып, оның табиғи құрылымы мен пайдалы қасиеттерін сақтап қалатын озық технология. «Dayar 20» қондырғысы арқылы өңделген кептірілген өнімдердің дәмі, түсі, иісі, пішіні және құрамындағы дәрумендері ұзақ сақталады. Сонымен қатар жеміс-жидектерді, көкөністерді, ет пен сүт өнімдерін, тіпті дайын тағамдар мен балыққа дейін жоғары сапада кептіруге болады. Құрғақ өнімдерді арнайы тоңазытқышсыз бөлме температурасында 1-3 жылға дейін, ал арнайы қаптамамен 10-50 жылға дейін сақтауға болады.

«Dayar 20» – фермерлер үшін сенімді көмекші. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу саласын жаңғыртуға жол ашатын технология. Құрылғы, әсіресе, таулы және шалғай аудандардағы шаруашылықтар үшін тиімді. Инновациялық жобаны жүзеге асырған ҚазҰУ ғалымдары ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын болады.

Алматы

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше