Ән • Кеше

Әйгерім Алтынбек халықаралық опера байқауының финалына өтті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ол XI Халықаралық опера әншілеріне арналған Портофино байқауында финалға өтті. Аталған байқау 22-27 шілде аралығында Италияда өтіп жатыр. Әйгерім Алтынбек әлемнің 50-ге жуық елінен келген 92 қатысушыны басып озып, классикалық вокал өнерінде еліміздің орнын айшықтап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйгерім Алтынбек халықаралық опера байқауының финалына өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша CLIP байқауы алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылып, 32 жасқа дейінгі опера әншілері үшін ең беделді халықаралық додалардың біріне айналды. Қазылар алқасының құрамында Милан қаласындағы «La Scala», Монте-Карлодағы Опера, Буэнос-Айрестегі Колон театры, Мадридтегі Король театры, Висбаден мемлекеттік театры сынды танымал театр басшылары бар.

Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтеді. Ең әуелі қатысушылар алдын ала тыңдаудан өтеді. Кейін оркестрдің сүйемелдеуімен Piazzetta di Portofino деп аталатын Портофиноның орталық алаңында өтетін финалға қатысады. Бұл іс-шара гала-концертпен аяқталады.

Айта кетелік, Әйгерім Алтынбек көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. Бұған дейін ол Италияда өткен опера әншілері байқауының жеңімпаздары қатарынан көрініп, Модена қаласында (Италия) өткен Николай Гяуров атындағы халықаралық опера байқауында үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар ол әйгілі Италия опера әншісі Мирелла Френи атындағы арнайы марапатты жеңіп алды. Сонымен қатар әнші әйгілі «Ла Скала» театрының жастар бағдарламасына қатысты және алдағы екі жыл бойы сол жерде білім алады. Ал маусым айында ол әлемдік опера жұлдыздары Хосе Каррерас және Андреа Бочеллимен бірге бір сахнада өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше