Президент • 25 Шілде, 2025

Президент Түркияға ресми сапармен барады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Түркияға ресми сапармен барады

Фото: Ақорда

«Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі  стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді», делінген хабарламада.