Тарих • 24 Шілде, 2025

Атырау маңынан көне күміс тиындар табылды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологтары орта ғасырлық сирек кездесетін көне күміс тиындарды тапты, деп жазады Egemen.kz.

Атырау маңынан көне күміс тиындар табылды

Фото: gov.kz

Археологиялық қазба Атырау қаласы маңындағы «Ақтөбе-Лаэти» қалашығына жүргізілген.

Көне тиын Жошы Ұлысында құрылған Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Меңгу-Темір хан тұсында құйылған ақшалар тобына жатады.

«Бұл тиындар белгілі нумизматик ғалым Павел Николаевич Петровтың пайымдауынша ХІІІ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Құйма ақшаның бір бетінде Меңгу-Темір ханның таңбалары, екінші жағында Қытай иероглифтері бейнеленген. Оның себебі Шыңғысханнан тараған Құбылай ұрпақтары мен Шағатай ұлысы арасында қақтығыстарда қолға түскен саяси тұтқын Номуханмен байланыстырады», дейді археолог Амангелді Мұғауұлы.

Сонымен қатар археолог қазбадан тағы көрнекті артефакт «Тағара» ыдысы да бүтін күйінде табылғанын айтты.

пп

Биыл тарихи қалашықты қазуға Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраларды зерттеу орталығы тапсырыс берген. «Соңғы екі-үш жылдықта бұл жерге ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Қалашықтың 53 гектар аумағы толықтай қоршалды. Болашақта ашық аспан астындағы музейге айналдыруды жоспарлап отырмыз», дейді облыстық тарихи-мәдени мұраларды зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев.

Археологиялық зерттеуге Атырау университетінің тарихшы мамандығында оқитын студенттер де қатысқан. Бүгінде көне қалашықтың 500 шаршы метр аумағынан аршып алған артефактілер оқу ордасының зертханасында ары қарай зерттеледі.

аа

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологтары орта ғасырлық сирек кездесетін көне күміс тиындарды тапты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.