
Сонымен қатар биыл студенттердің стипендиясы мен колледждерге қаржыландыру көлемі екі есеге артты. Елімізде шетелдік 24 ЖОО филиалы ашылды. Жатақхана мәселесі де шешімін тауып, орын тапшылығы 72%-ға азайды.
Жыл басынан бері 172 жаңа балабақша іске қосылып, 13 мыңнан астам бала орналасқан. 1,7 миллион оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылуда, оның ішінде 99 мыңы әлеуметтік осал санаттағы балалар. Оларға 18,4 млрд теңге бөлінген.
Сондай-ақ, кейінгі екі жылда 274 жаңа мектеп ашылды. Қазір тағы 177 мектептің құрылысы жүріп жатыр.