Аймақтар • Бүгін, 13:20

ШҚО аумағындағы 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір диқандары суару маусымы басталғалы 24 млн текше метрден астам су алған. Биыл «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы шаруалармен суармалы суды жеткізу бойынша 490-нан астам келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО аумағындағы 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бүгінде өңір бойынша 5 815,7 гектар егістік алқапқа су беріліп отыр.

«Қазсушар» РМК-ның аталған облыс бойынша филиал директоры Нұржан Әміржановтың айтуынша филиал 7 жаңа арнайы техника алған, жыл соңына дейін қалған 13 техника жеткізілмек.

«Жаңа техникалар каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмыстарына пайдаланылып жатыр. Жаңа экскаваторлардың көмегімен ұзындығы шамамен 55,3 шақырым болатын каналдар тазартылды. Бүгінде барлық жұмысшы мен техника суару каналдары мен су жеткізу жұмыстарына жұмылдырылған», деді Н.Әміржанов.