
20–30 шілде күндері өтетін симпозиум беделді қылқалам шеберлерінің өзара тәжірибе алмасуын, шеберлік сабақтарын өткізуді және Маңғыстау өлкесінің табиғи ерекшеліктерін бейнелейтін өнер шығармаларын жасауды мақсат еткен. Сондай-ақ симпозиум арқылы темірден жасалған мүсіндерді насихаттау, қаланың көрікті жерлерін ашу және мүсін өнерін дәріптеу де ұмыт қалмаған.
Он күнге созылатын симпозиумға түркітілдес мемлекеттерден 30-дан астам мүсінші мен суретші қатысып жатыр. Елімізден қатысушы он мүсіншінің екеуі, он суретшінің бесеуі Ақтаудан.
«Іс-шара бейнелеу өнерін насихаттап, қала тұрғындары мен қонақтарын түркітілдес елдерден келген қатысушылардың шығармашылығымен таныстыруды көздейді», дейді Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Мұсағалиев. Айтуларынша, симпозиум аясында өткізілетін іс-шаралар қала мәдениетін дамытуға, өнерге қызығушылықты арттыруға және халықаралық мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.
Маңғыстау облысы