Туризм • Кеше

Көлсайға саяхат: Жетісулық балалар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 12 шілдеде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесі Жетісу ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне танымдық экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлсайға саяхат: Жетісулық балалар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Іс-шараға 50 бала мен олардың жетекшілері қатысты. Саяхат барысында балалар табиғат аясында серуендеп, Көлсай өңірінің көркем көріністерімен, тау мен орман арасындағы ерекше экожүйемен танысты. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан балаларға түскі ас пен жеңіл тағамдар ұсынылып, қауіпсіз әрі қызықты демалыс ұйымдастырылды.

Аталған экскурсия балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар сапардан жарқын әсермен оралып, жаңа білім мен жағымды эмоцияға бөленді.