Әлем • Бүгін, 11:12

Израиль палестиналықтардың Газа орталығынан кетуін талап етті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы жексенбі күні Израиль армиясы хабар таратқан. BBC-дің дерегінше, Израиль тарапы бұған дейін Газаның орталық аймақтарында әскери қақтығыс жасамаған, деп жазады Egemen.kz.

Израиль палестиналықтардың Газа орталығынан кетуін талап етті

Фото: Getty Images/bbc.com

Израиль әскері жүздеген мың босқын паналайтын Дейр-эль-Балахтың оңтүстік-батысындағы бірнеше ауданның тұрғындарына үйлерін тастап, оңтүстікке қарай бет алуды бұйырған үнпарақтарды әуеден тастаған.

Бұл талап Израильдің Дейр-эль-Балах ауданына шабуыл жасауға әзірленіп жатқанын аңғартуы мүмкін. 

Израиль армиясының баспасөз хатшысы Авичай Адраи X әлеуметтік желідегі жазбасында Израильдің Дейр эль-Балах төңірегінде, оның ішінде «бұрын операция жүргізбеген аймақта» «қызметтерін кеңейтіп жатқанын» жазған. Ол палестиналықтарды қауіпсіздік үшін Жерорта теңізі жағалауындағы «оңтүстікке әл-Маваси аймағына көшуге» шақырған.

Ал елдің өз азаматтары Газада тұтқында отырғандар үшін алаңдап, оларды шабуылдан қалай қорғайтыны туралы ақпарат талап етіп отыр.