Президент • 21 Шілде, 2025

Президент Қ.Тоқаев Бельгия Королін құттықтады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қ.Тоқаев Бельгия Королін құттықтады

Фото: Ақорда

Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.