Есірткі • Кеше

Атырау тұрғыны қарасора өсіріп, тоңазытқышта сақтаған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 40 жастағы тұрғыннан 16 келі қарасора тәркіледі, деп жазады Egemen.kz.

Атырау тұрғыны қарасора өсіріп, тоңазытқышта сақтаған

«Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 45 дана есірткі өсімдігі, тоңазытқышта сақталған ерекше иісі бар кептірілген өсімдікті тапты. Тәркіленіп алынған заттар салмағы 16 келіден асатын қарасора екені анықталды», делінген полицияның мәліметінде.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 3-бөлігімен қызмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.