
Фото: Facebook/Израиль Сапарбай
«Исраил Сапарбай ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан дарынды қаламгер еді. Ұлттық поэзия мен драматургияда өзіндік қолтаңбасын қалдырып, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнімді еңбек етті. Қалың оқырман өміршең туындыларымен қатар ұлтжанды азаматтығын жоғары бағалады. Соңына бай әдеби-мәдени мұра қалдырған Исраил Сапарбайдың жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды», деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, қазақ лиракасын жоғары деңгейге көтеріп, ұлттық рухты биік деңгейде жырлаған тұлға 85 жасқа қараған шағында Қаскелеңдегі өз шаңырағында көз жұмды.