Табиғат • 17 Шілде, 2025

Бұлан атып бұғауға түсті

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында браконьерлікке қатысты тағы бір қылмыстық дерек тіркелді. Бұл жолы Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылы маңында бұланды заңсыз атып алған жергілікті тұрғын ұсталды, деп аталады Egemen.kz.

Бұлан атып бұғауға түсті

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары далалық аумақта жануардың етін бұзып жатқан ер адамды байқап қалған. Тексеру барысында оның 30 жастағы Алға ауданының тұрғыны екені анықталған. Аталған азамат бұланды аң аулау ережелерін бұза отырып, заңсыз түрде атып алғанын мойындаған. Ол жануарды етін пайдалану мақсатында атқанын айтқан.

«Аңшының көлігін тексеру кезінде тіркелген ұзын ұңғылы карабин табылып, айғақзат ретінде тәркіленді. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша (заңсыз аңшылық) іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, көлік аудандық полиция бөліміне жеткізілді», делінген облыстық ПД таратқан хабарламада.

Айта кетейік, аталған бап бойынша күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, заңсыз аңшылық жасаған азаматтың мүлкін тәркілеу түріндегі жаза да қарастырылған.

Айтк кетейік, бұлан – елімізде сирек кездесетін, аса ірі тұяқты аңдардың бірі. Ол табиғи тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады және Қазақстанның бірқатар аймағында қорғалатын аңдар тізіміне енгізілген.

Осы орайда, полиция өкілдері табиғат қорғау заңнамасын қатаң сақтауға шақырып отыр.

«Әрбір азамат жабайы табиғатқа құрметпен қарауы тиіс. Егер браконьерлік деректерінің куәсі болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз», деді ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025