
Алимент төлейтін азаматтарды жұмысқа орналастыру жағы да қарастырылуда. Осыған дейін алты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 40 борышкер тұрақты жұмысқа орналастырылған.
–Жыл басынан бері жекеменшік сот орындаушыларының өндірісінде мемлекет пайдасына өндіру бойынша 48676 іс тіркелді, – дейді департамент басшысының орынбасары Шыңғыс Айнақұлов, – оның 18927-і аяқталып, 5,8 миллиард теңге көлеміндегі берешек қайтарылды.
Жеңіл тәртіппен қаралған 20418 атқарушылық істің жалпы көлемі 470,9 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде 4112 іс аяқталып, 4100 іс нақты орындалған. Өндірілген қаражат көлемі 86,7 миллион теңге.
Қоғам осы бір мәселеге мұқият назар аударуы қажет тәрізді. Әрине, қысқа жіп күрмеуге келмей жатқан уақытта тиесілі алименттің уақытылы төленгені жөн. Әйтсе де көңілде «алимент әке бола ма?» деген сауал қалатыны бар.
Ақмола облысы