Есірткі • 16 Шілде, 2025

Атырау тұрғыны сарайда қарасора өсіріп келген

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 52 жастағы тұрғынның қарасора өсірумен айналысқанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Атырау тұрғыны сарайда қарасора өсіріп келген

Полицейлердің тексеруі кезінде оның тұрғылықты мекенжайындағы сарайдан арнайы жабдықталған фитозертхана табылды.

«Фитозертханадан салмағы 5 килоны құрайтын 21 түп қарасора (каннабис) өсімдігі тәркіленді. Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігімен (Есірткі заттарын заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», делінген полицияның ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

98 түрлі «Күлше қыз»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Қардан мүсін тұрғызды

Өнер • Бүгін, 07:40

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35