
Күндізгі сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы жолдың 814-шақырымы тұсында Toyota Ipsum мен EXEED автокөлігі соқтығысты.
«Жол апатының салдарынан оқиға орнында 4 адам қаза тапты. Оның арасында көліктің жүргізушілері бар. Ал, екеуі – EXEED көлігіндегі жолаушылар», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бұл ауданның аумағында 15 шілдеде сағат 22:15 шамасында тағы да жол-көлік оқиғасы тіркелді. Аталған бағыттағы жолдың 856-шақырымында Toyota Crown және GAV GA8 автокөліктері сиырға соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеп-тексеру амалдары басталды.