
Сауалнама 15 жастан асқан 12 000 адам арасында жүргізілген. Ол Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларын қамтыды. Сауалнамаға 15 жастан асқан 12 000 адам қатысқан. Ол Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларын қамтыды.
Темекі шегу деңгейі өңірлер мен жынысқа қарай өзгешеленеді:
• Ауылдық жерлерде – 19,1%
• Қалалық жерлерде – 16,7%
• Ерлер арасында – 34%
• Әйелдер арасында – 5%
Темекі өнімдеріне бағаның өсуі де бұл үрдіске ықпал еткен. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап ең арзан темекінің бағасы 920 теңге болып бекітілді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 12,1%-ға жоғары.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, темекіге салынатын акциздер мен шектеу шаралары халықтың зиянды өнімдерден бас тартуына оң әсер етіп отыр.