Спорт • Бүгін, 15:51

Алматыда үстел теннисінен әлем чемпионатына іріктеу өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «ADD Ustel Tennis Ortalygy» спорт кешенінде 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда үстел теннисінен әлем чемпионатына іріктеу өтті

Іріктеуде ерлер және әйелдер командасы бір ғана жолдаманы сарапқа салды. Бұл жолдаманы Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары өзара бөлісті.

Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжеғұлов қарсыластарын 3:0 есебімен сенімді түрде ұтты. Осылайша отандастарымыз бірінші орынды иеленіп, әлем чемпионатына жолдама алды.

вв

Ал әйелдер арасындағы сайыста Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова және Әнел Бақыт алдымен Қырғызстанның теннисшілерінен басым түсті. Кейінгі кездесуде де жеңіс 3:2  ел құрамасының пайдасына жазылды.