Қоғам • Кеше

Еліміздегі ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел аумағындағы ақылы жолдар саны артып келеді. Алайда кей санаттағы жүргізушілер үшін бұл жолдар тегін екенін бірі білсе, бірі біле қоймайдыдеп жазады Egemen.kz.

Еліміздегі ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?

Кімдер тегін жүруге құқылы?

ҚР «Автомобиль жолдары туралы» заңының 5-2-бабы, 1-тармағына сәйкес, белгілі бір көліктер мен азаматтар ақы төлемей жүре алады. Олардың қатарында:

Мемлекеттік және арнайы қызмет көліктері:

  • Жедел медициналық көмек көліктері;
  • Апаттық-құтқару қызметтерінің көліктері;
  • Құқық қорғау органдарының көліктері;
  • Көлік бақылау органдарының автокөліктері;
  • Арнайы мемлекеттік органдардың көліктері;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың көліктері.

Қоғамдық қызмет пен жол күтіміне арналған көліктер:

  • Халықаралық және республикалық маңызы бар төлемді жолдарды күтіп ұстаумен айналысатын ұлттық оператордың көліктері;
  • Белгілі бір төлемді учаскені күтіп ұстаумен айналысатын концессионердің көліктері;
  • Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және пайдалану бойынша уәкілетті органның көліктері;
  • Қала маңындағы және төлемді жолға жақын елді мекендерді аудандық, облыстық орталықтармен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен байланыстыратын тұрақты жолаушы және жүк тасымалы автобустары;
  • Төлемді жолға жақын орналасқан аудандардың ішінде қатынайтын және сол аймақтың әкімшілік-аумақтық бірлігінде тіркелген автобустар;
  • Су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін төлемді жолдардың жақын жердегі жол айрықтарында жүретін жүк көліктері, дөңгелекті өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы және мелиорациялық машиналар;
  • Төлемді жолға жақын аудандарда тіркелген жеке және заңды тұлғалардың жеңіл автокөліктері, тек бір ауданның ішінде қатынау үшін.

Әлеуметтік санаттар:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері – олардың жеке жеңіл автокөліктері де төлемнен босатылады.