
Фото: gov.kz
Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі финалда «Вечность» композициясын орындады.
Отандасымыз өнерімен көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасының да жоғары бағасына ие болды. Алмагүл Батталиева екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Алмагүл Батталиева – Алматы қаласының тумасы, дарынды жас әнші. Ерте жастан вокалдық қабілеті анық байқалған. 14 жасында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен. Сонымен қатар Алмагүл бірнеше аспапты аккордеон, фортепиано және укулелены еркін меңгерген.
Ол «Жас Қанат – 2023» фестивалі, «Алматым жүрегімде» халықаралық байқауы сынды беделді музыкалық жарыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін бірнеше мәрте дәлелдеген.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Алмагүл Батталиеваны «Славян базары» фестиваліндегі жарқын жеңісімен құттықтап, бұл жетістік оның өнер жолындағы ізденісі мен дарынының айқын көрінісі екенін атап өтті.