
Қаражат индустриялық аймақтардағы инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Жоба аясында елге 1,6 трлн теңге инвестиция тартылып, 16 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Сондай-ақ тараптар жалпы құны 8 млрд доллардан асатын басқа да бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті екенін мәлімдеді.
Бұған дейін банк Қазақстанға 1,15 млрд доллар несие беріп, сол қаражат су қоймаларын салуға және 115 каналдың жұмысын жаңғыртуға бағытталған болатын.