Елорда • Бүгін, 18:00

Астанада ана тілін насихаттайтын фотоаймақтар ашылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада қазақ тілін визуалды кеңістікте заманауи, тартымды әрі қолжетімді форматта ұсыну мақсатында арнайы фотоаймақтар орнатылды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада ана тілін насихаттайтын фотоаймақтар ашылды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама тек тілдік құндылықтарды насихаттап қана қоймай, ұлттық мәдениетті жаңа, стильді әрі заманауи форматта көрсету арқылы қазақы рухты сақтауға және дамытуға септігін тигізеді.

Қазақ тілінде креативті фотоаймақтар орнату қоғамдық орындарда жастардың суретке түсіп, әлеуметтік желілерде бөлісуіне ыңғайлы етіп жасалған.

ьь

ьь

Мұндай      фотоаймақтар қазіргі уақытта Нұра ауданында (Ғашықтар саябағы, Есіл өзенінің жағалауы), Сарыарқа ауданында (Арбат), Алматы ауданында («Жетісу» және «Триатлон» парктерінде)  орналастырылған.