Оқиға • Бүгін, 11:09

Қарасай ауданында полиция әйелді ажалдан аман алып қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай ауылының 59 жастағы тұрғыны бір өлімнен аман қалды. Әйелдің аяғы тайып, Ақсай өзені ағып жатқан сайға құлап кеткен. Судың ағысы қатты және өзеннің шеті биік болғандықтан ол өз бетімен шыға алмаған. Көмек сұраған дауысты естіген азаматтар дереу полиция шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарасай ауданында полиция әйелді ажалдан аман алып қалды

фото: видеодан скриншот

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары Әмірбек Бөбекбай, Мақсат Әбдірайымов және Ахан Ахметов жедел жеткен.

Әйелдің су жағасындағы бұтаққа бар күшімен жабысып тұрғанын байқаған тәртіп сақшылары дереу құтқару операциясын бастап кеткен. Аға лейтенант Бөбекбай арқанмен түсіп, жәбірленушіні байлап, кейін әріптестері екеуін де қауіпсіз биіктікке көтерген.

Полиция қызметкерлерінің сәтті әрекетінің арқасында әйел зардап шеккен жоқ. Ол инспекторларға кәсібилігі мен қамқорлығы үшін алғыс айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Алматы облысының полицейлері су айдындарына жақын жерде, әсіресе тегіс емес, жағалары тік, ағыстары қатты жерлерде аса сақ болу керектігін еске салады. Төтенше жағдайда дереу көмек сұрап, дер кезінде қоңырау шалу – адам өміріне төнген қауіпті сейілтуі мүмкін.

Еске салар болсақ, бұдан аз уақыт бұрын ағысы қатты Талғар өзені ана мен баланың өмірін қиған болатын.

Алматы облысы