Оқиға • Кеше

Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы полиция департаменті өңір әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың апатқа ұшырағанын растады, деп жазады Egemen.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

Фото: aikyn.kz

Жол апаты Төңкеріс-Байсерке автожолында болған. Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастаған. 

Ал денсаулық сақтау басқармасы әкім орынбасарының есін білетінін айтып, жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді. Дәрігерлер Әсет Масабаевқа белгіленген хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіп жатыр.