
Фото: Видеодан алынған кадр
Соңғы бірнеше сағат ішінде жалын 700 гектарға жуық аумақты шарпыған. Өрт құрғақ бұталар мен шөпті алқаптар арқылы тез таралып, тұрғын, өндірістік және коммерциялық аймақтарға қауіп төндіріп отыр.
Өрттің қарқынды таралуына қатты жел себеп болған. Испанияға апаратын халықаралық тас жол жабылып, Марсель халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын түтін басып қалған. Соның салдарынан ондаған рейс тоқтатылып, жолаушылар әуежайдан уақытша эвакуацияланған.
Әуежай президенті Жюльен Коффинье бұған дейін мұндай көлемдегі төтенше жағдаймен бетпе-бет келмегенін мәлімдеді.
Қала маңындағы кейбір аудандардан тұрғындарды эвакуацияланып, 110 адам түрлі деңгейде жарақат алған.
Апаттың себебі ретінде автомагистралде тұтанған көлік аталып отыр. Бұған дейін өңірде екі аптадан астам уақыт бойы аптап ыстық болып, 19 мамырдан бері бір тамшы жаңбыр жаумаған.