Өнер • Бүгін, 08:15

«The Guardian»: Ақтауда түсірілген айрықша фото

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда өткен фестиваль фотосы Ұлыбританияның ­«The Guardian» басылымында үздік деп танылды.

«The Guardian»: Ақтауда түсірілген айрықша фото

Әлемнің беделді басы­­лым­дарының бірі — Ұлы­бри­та­нияның «The Guardian» газеті Ақтауда өткен «Даламен үндес баба өнер» қолөнер шеберлері фестивалінің фотосуретін «Күн­нің үздік фотосы» айдарымен жариялады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

1

Аталған фотосурет «The Guardian» басылымының арнайы редакциялық тобы­ның іріктеуінен өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен таңдал­ған ең үздік фотосуреттер қа­та­рына енді. Бұл – отандық қолөнер мен мәдениетімізді әлемдік деңгейде әйгілеудің бір дәлелі. Фотосурет авторы – түркиялық фотосуретші Элькин Эскипехливан.

2

Еске сала кетейік, «Даламен үндес баба өнер» халықаралық фестивалі Ақтау қаласында өтті. Іс-шараға Қазақстанның және шетелдің түрлі өңір­лері­нен келген қолөнер шеберлері қатысып, өз туындыларын ұсынды. Фестиваль аясында жәрмеңкелер, көр­ме­лер, шеберлік сабақтары ұйым­дастырылып, қонақтар ұлт­тық дәстүрлермен таныс­ты.

3

Фестивальдің басты мақ­саты – дәстүрлі өнерді дәріп­теу, ұрпақ санасына ұлттық құн­ды­лықтарды сіңіру және әлем­дік деңгейде қазақ қол­өне­рінің мәртебесін арттыру.