Спорт • Бүгін, 13:40

Әлихан Әскербай Азия чемпионы атанды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр атлетикадан Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында Әлихан Әскербай асқан шеберлігімен тәнті етті, деп жазады Egemen.kz

Әлихан Әскербай Азия чемпионы атанды

71 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген 17 жастағы Жетісу облысы Сарқан ауданының тумасы аталған жарыстың үш жаттығуы бойынша да алдына жан салмай, бас жүлдені олжалады. Сонымен қатар Әлихан Азияның үш және әлемнің үш рекордын жаңартты. Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақтың аса дарынды жас өрені  310 (141+169) кг-лық зілтемірді еңсерді. Ал жастар арасындағы бәсекеде Әскербай қола медальді мойнына ілді. 

Бұл күндері білікті бапкер Сергей Седовтың қол астында жаттығып жүрген Әлихан Әскербайдың болашағына мамандар зор үміт артып отыр. Қандасымыз былтырғы Азия чемпионатында да алтын тұғырға көтерілген еді. Ол кезде Әлихан 64 кг салмақта сайысқа түсті.