
Фото: olympic.kz
Кира Данилова 69 келіге дейінгі салмақта жасөспірім қыздар арасындағы сайыста бақ сынады.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, қоссайыс нәтижесінде ел спортшысы 198 (87+111) келіні еңсерген.
Жалпы есепте 186 (81+105) келіні көтерген өзбекстандық Динура Холдорова екінші тұғырға көтерілсе, үштікті тағы бір қазақстандық зілтемірші Софья Шальгина 175 (82+93) келімен түйіндеді.