Қоғам • Кеше

Алматы – Саратов бағытына жаңа вагондар қосылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдан Ресейдің Саратов қаласына қатынайтын бағытта жаңа, заманауи жолаушылар вагондары жолға шықты. Бұл – жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және теміржол инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы нақты қадам, деп жазады Egemen.kz.

Алматы – Саратов бағытына жаңа вагондар қосылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон паркі 30 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Петропавлдағы зауытта құрастырылған жаңа құрам алғаш рет бүгін Алматы-2 вокзалынан Саратовқа аттанды. Олар №7/8 бағыты бойынша тұрақты қатынай бастады.

«Компания бас директоры Ануар Ахметжанов бұл бастаманы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан маңызды жоба ретінде атап өтті. «Вагондарды жаңарту – көлік инфрақұрылымын жетілдірудегі басты міндеттің бірі. Бұл жоба өңіраралық қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқарады»,  деді ол жаңа вагондарды таныстыру рәсімінде.

Жаңа пойыз құрамында 10 вагон бар: 5 купе, 5 плацкарт. Бір бағытта 400-ден астам жолаушыны тасымалдай алады. Алматыдан пойыз жұп күндері сағат 20:00-де шығып, Саратова келесі күні 10:10-да (Ресей уақытымен) жетеді. Қайтар жолда Саратовтан сағат 14:55-те шығып, Алматыға келесі күні таңғы 06:54-те (Қазақстан уақытымен) келеді.

пойыз

Вагондар заманауи стандарттарға сай жасалған. Купелерде эргономикалық жатын орындар, жарықдиодты шамдар, USB порттар мен электр розеткалар орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы купелер мен арба қоюға орын, сондай-ақ шақыру батырмасы қарастырылған. Қызмет ету мерзімі – 40 жыл.

Компания соңғы екі жылда 318 жаңа вагон сатып алған. Оның 241-і пайдалануға берілді, оның ішінде жаңа Алматы–Саратов бағытындағы 30 вагон да бар. Жаңа құрамдар сондай-ақ Атырау, Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Семей сияқты бағыттарда да жүріп жатыр.

2025–2027 жылдары тағы 350 вагон жеткізіледі. Ал 2030 жылға қарай жолаушылар вагондары толық жаңартылады деп жоспарланған.