Сенбі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматыға жұмыс сапары барысында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми ұжымымен кездесті.
80 жылдық тарихы бар институт әдебиеттану, фольклористика мен өнертану салаларының басты ғылыми орталығы саналады.
Алдымен Мемлекеттік хатшы институттың 500 мыңнан астам құнды құжаттар сақталған сирек қолжазбалар қорымен танысты. Іргелі «Бабалар сөзі» 100 томдығы осы қор материалдарының негізінде әзірленген.
Кездесу барысында институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанов ғылыми орталық атқарып отырған ауқымды зерттеулер мен бастамалар туралы жан-жақты әңгімелеп, кеңінен ақпар берді. Өз кезегінде институт ғалымдары іргелі де ілкімді жобалар жайында баяндады.
Мемлекеттік хатшының ғалымдармен әңгімелесуі кезінде тәуелсіз Қазақстанның әдебиеттануы мен өнертануының қазіргі заманғы үрдістерін зерделеу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізінде халықтың жалпыұлттық құндылықтарын ілгерілету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, институттың қазақ диаспоралары көп шоғырланған Өзбекстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елдеріне ұйымдастырған ғылыми экспедицияларының қорытындылары бойынша «Шетел қазақтарының өнері», «Шетелдердегі қазақ әдебиеті», «Шетелдердегі қазақ фольклоры» атты монографиялар жарық көрді.
Институт Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы қарсаңында Қазақстанды мекендеген этностардың фольклорын, әдебиеті мен өнерін зерттеуге арналған «Қазақстан халқының театр өнері», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан халқының әдебиеті», «Астана: геосаяси көшбасшылықтан мәдени сан алуандыққа», «Көне түркі әдебиетінің типологиясы» сияқты бірқатар ұжымдық монографияларды жарыққа шығарды.
Г.Әбдіқалықова, сондай-ақ, институтқа қарасты Мұхтар Әуезов мемориалдық музей-үйінде болып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретті түсірген
Борис БУЗИН.

Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:55
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Партия • Бүгін, 16:24
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15