Аймақтар • Бүгін, 08:30

Сайөтес ауылында – жаңа ұңғыма

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау ауданы аумағында «Sinopec International Energy Investment Holdings Netherlands B.V» компаниясы инвест-жоба аясында кен орындарын анықтап, барлау жұмыстарын жүргізген болатын. Геологиялық барлау жұмысының нәтижесінде Сайөтес ауылында жаңа ұңғыманы бұрғылау жұмысы басталды.

Сайөтес ауылында – жаңа ұңғыма

Сайөтестегі алғашқы барлау ұң­ғымасын бұрғылау жұмысының басталуына аудан әкімі Ғалым­жан Ниязов, Энергетика министрлігі Көмір­сутектер және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры Нұрлыбек Бердиев, «Sinopec» компаниясының бас директоры Чжао Цюаньминь, ҚХР бас консулы Го Юй сәттілік тілеп, жұмыс бірлескен іс-қимылдың нәтижесі екенін атап өтті.

– Бұл бастама жер қойнауын зерттеу аясын кеңейтіп, елімізде мұнай-газ саласының дамуына жаңа серпін береді. Бұрғылау жұмысы сәтті, қауіпсіз әрі табысты өтуіне тілектеспіз, – деді Ғ.Ниязов.

Инвестициялық жоба аясында 2024–2025 жылдары С-1 ұңғымасын, 2026–2027 жылдары С-2 ұңғымасын бұрғылау жүргізіледі. Бұл жұмыс өңір экономикасының дамуына, жаңа мүмкіндіктің пайда болуына зор ықпал етеді.