Төтенше жағдай • Кеше

Өрт сөндірушілер «Ертіс орманына» бағыт алған тілсіз жауды тоқтатты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында өрт сөндірушілер дала өртін жедел түрде жойып, тілсіз жаудың орман алқабына таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт сөндірушілер «Ертіс орманына» бағыт алған тілсіз жауды тоқтатты

Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округінің аумағында құрғап тұрған дала шөбі өртенген. Шұғыл қызметтердің жедел іс-қимылдары мен барлық тартылған құрылымдардың өзара үйлесімді іс-қимылының арқасында өрттің орман алқабы мен тұрғын үйлерге өтуіне жол берілмеді.

- Далалы жерде өрт шығып, ыстыққа және желді ауа райына байланысты жалынның айтарлықтай аумаққа таралу қаупі туындады. Оқиға орнына Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері, орман қорғау өкілдері жіберілді, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК авиация кезекшісінің ұшуы жүзеге асырылды.

Қысқа мерзімде 100 шаршы метр жерге таралған өрт оқшауланып, жойылды. Өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың және «Ертіс орманы» резерваты мамандарының жедел қимылының арқасында тілсіз жау орман алқабына жетпей тоқтатылды және жақын маңдағы елді мекендерге төнген қауіп жойылды. Оқиғаға құрғақ шөпті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болған. Кінәлі адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды,-деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ыстық ауа райы және өрт қаупі жоғары жағдайларда отқа абайсыздық таныту қайғылы салдарға соқтыруы мүмкін екенін ескертіп отыр. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау - әрбір азаматтың міндеті.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35