Қылмыс • Кеше

Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері Алматылық әріптестермен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа қатысты кезекті қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласында көрші елдің екі азаматы қолға түсті. Олар 77 жастағы Қарағанды тұрғынын алдап, 22 миллион теңгесін иемденген деген күдікке ілінді.

Алаяқтар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырып, зейнеткерге қоңырау шалып, жинақтарын “қорғау” қажет деген сылтаумен бар қаражатын өз еркімен беруге көндірген. Әйел бастапқыда өзіне алаяқтық жасалғанына сенбеген, тек полицейлермен ұзақ әңгімелескеннен кейін ғана қылмыстың құрбаны болғанын түсінген. Тінту барысында күдіктілерден жалпы сомасы 22 миллион теңге тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қарағанды облысы