Заң • Бүгін, 16:06

Қ.Тоқаев заңнамалық өзгерістерді мақұлдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қ.Тоқаев заңнамалық өзгерістерді мақұлдады

Заң Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік және Әлеуметтік кодекстерге, сондай-ақ 14 заңға түзетулер енгізді.

Түзетулердің бірінші блогы үлестік құрылыс процестерінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Түзетулердің екінші блогында инватакси пилоттық жобасын жаппай қолданысқа енгізу көзделген. Әлеуметтік қызметтер порталында қолжетімді қызметтер санатына мүгедек жандарды инватаксимен тасымалдау қызметі енгізілді. Яғни мүгедектігі бар адамдар өздерінің ерекше қажеттілігіне байланысты көлік шақыруға мүмкіндік алды. Осылайша олардың еркін жүріп-тұруы қамтамасыз етіледі.

Түзетулердің үшінші блогы автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.

Жол саласын цифрландыру мақсатында «Автомобиль жолдары туралы» Заңда жол құрылысы материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын жасақтауға құқықтық негіз пайда болды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.