Заң • Бүгін, 15:59

Президент эндаумент қорлары туралы заңдарға қол қойды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заң мәтіндері баспасөз беттерінде жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент эндаумент қорлары туралы заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының келесі заңдарына қол қойды:

— «Мақсатты капитал қорлары мен эндаумент-қорлар (мақсатты капиталдар) туралы»

— «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақсатты капитал қорлары мен эндаумент-қорлардың (мақсатты капиталдардың), сондай-ақ Арал маңы қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумақтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Бұған дейін Сенат Қазақстанда эндаумент-қорлардың қызметіне қатысты заң жобасын мақұлдаған болатын.