
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету мақсатындағы акция Достық үйінде қала әкімінің тапсырмасымен ұйымдастырылды.
Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше қала тұрғындары адвокат, нотариус, прокурор мамандармен қатар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен, құқық қорғау саласының мамандарынан құқықтық кеңес алды. Заңгерлер халықты мазалаған өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үй, жер даулары, әлеуметтік төлемдер, алимент өндіру, еңбек құқығы секілді түрлі сұрақтарға жауап берді.
Аталған шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалап, мұндай акциялардың жиі өтуі керектігін жеткізген қала тұрғындарының айтуынша, мұндай бастамалар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға оң ықпал етеді.