ПЕТРОПАВЛ. 16 ақпан. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов бастаған делегация Ресейдің Омбы облысына жұмыс сапармен барып, бірқатар меморандумға қол қойды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Іскерлік байланыстар биржасының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров Бірыңғай еуразиялық одақ құрамындағы Қазақстан менРесей арасындағы достық қарым-қатынасқа үлкен баға беріп, мұндай байланыстардың маңыздылығын атап көрсетті. Ерік Хамзаұлы өз кезегінде шекаралық аймақтарға салынатын инвестициялық қаржы көлемінің артып келе жатқанын жеткізді.
Бүгінде қос облыста 200-ге жуық біріккен кәсіпорын жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстан облысы бұдан былай да Ресей Федерациясының сауда-экономикалық қарым-қатынасында басты әріптес болып қала береді. Көрші елдің Қызылжар өңіріндегі сыртқы сауда байланысы 70 пайызды құраса, оның 50 пайызы Омбы облысына тиесілі. Барлық салалар бойынша байланыс нығайып келеді. Сібір ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы жер өңдеу, астық өндірісі, жаңа сорттарды аудандастыру бағыттары бойынша өзара келісім жасады. «АВАГРО» ЖШС ауыл шаруашылық техникаларын Есілкөл тәжірибе стансасына жеткізуге уағдаласты.
«Дөңгелек үстел» басында «Қызыл Тудан» «Русская Полянаға» дейін теміржол учаскесін қалпына келтіру жайы талқыланды. Жекеменшік-мемлекет әріптестік аясында қаражат тарту ұсынысы қолдау тапты.
Облыс басшылары экономика, өнеркәсіп, білім, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы салалары бойынша меморандумдарға қол қойды.
Делегация мүшелері ірі кәсіпорындарды аралап, осында оқып жатқан солтүстікқазақстандық студент-жастармен кездесті.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сурет: omskan.ru.
• 16 Ақпан, 2015
Солтүстік Қазақстан делегациясы Омбы облысында болды

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше