ПЕТРОПАВЛ. 16 ақпан. Cолтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкасск елді мекенінде мал қора өртеніп, шаруашылыққа үлкен шығын келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аққайың ауданы аумағында орналасқан ауылдағы осы аттас серіктестік көп жылдан бері мал шаруашылығымен шұғылданып келеді. Күтпеген оқиға түнде орын алған. Қамыс қора аз уақыттың ішінде қызыл жалынға оранып, тып-типыл болған. Айтып келмеген зобалаңның салдарынан 38 жастағы Қайрат Бектұров есімді күзетші мен 80 бұзау өртеніп кеткен. Бұл ақпаратты бізбен хабарласқан Қайраттың туысқаны Сәуле Жәкенова да, басқалар да растады. Марқұмның денесі 14 ақпан күні жер қойнына берілді.
Бүгінде өрттің шығу себептері анықталуда. Ол туралы түрлі жорамалдар айтылуда.
Бір таңқаларлығы, шалғайдағы ауылда орын алған қайғылы оқиға жөнінде баспасөз беттерінде ешқандай ақпарат жарияланбады. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Евгений Журавлевке телефон соққанымызда басшылықпен сөйлесейін деген кейіп танытып, қашқалақтады.
Аққайың ауданында мұндай оқыс жайттар жиілеп кетті. Бұрнағы жылы «жұқпалы мал ауруы шықты» деген желеумен шетелден әкелінген бір мыңға тарта асыл тұқымды сиырлар мен ойнақ салып жүрген бұзауларға укол салып, өлтірілген болатын. Одан кейін су мұнарасы мен элеватор құлап, адам өліміне соқтырған еді.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: news.nur.kz.
• 16 Ақпан, 2015
Солтүстік Қазақстанда күзетші мен бір табын бұзау өртеніп кетті

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше