
Фото: Ашық дереккөз
Трамптың айтуынша, атысты тоқтату кезең-кезеңімен жүзеге асады:
- Алғашқы 6 сағат ішінде тараптар барлық әскери операцияларын тоқтатады;
- 12 сағаттан кейін Израиль толық бейбіт режимге қосылады;
- 24 сағат ішінде атысты толық тоқтату келісімі күшіне енеді.
Иран тарапы катарлық және америкалық ұсынысқа келіскен. Алайда Израиль үкіметі ресми түрде ешқандай пікір білдірмеген. Бұған қарамастан, Израильдің соғысты тоқтатуға дайын екені туралы ақпараттар Вашингтонға жеткізілгені белгілі болды.