
«Ираннан 230 қазақстандық эвакуацияланды. Қазіргі уақытта бұл елде 50-ге жуық азаматымыз қалды, олардың көпшілігі дипломатиялық қызмет қызметкерлері», деді ол.
А.Смадияровтың айтуынша, Израильден Қазақстанның 66 азаматы эвакуацияланған. Елде 170-ке жуық адам қалды.
Ол Сыртқы істер министрлігі өңірлердегі жағдайды бақылауды жалғастырып, шетелдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста екенін айтты.
Хабарланғандай, АҚШ мемлекеттік хатшысы Қытайды Ормуз бұғазы мәселесінде Иранға ықпал етуге шақырды. Бұған дейін Израиль әуе күштері Ирандағы зымырандық инфрақұрылымға соққы жасаған болатын.